Германияда футбол мерекесінен хабар беретін бағдаршамдар пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Германияда футбол мерекесінен хабар беретін бағдаршамдар пайда болды

Германияда футбол мерекесінен хабар беретін бағдаршамдар пайда болды

Жаяу жүргіншіге жолдан өтуге рұқсат беретін жасыл түсі жанғанда, доп тепкен адамның сұлбасы көрінеді. Ал қызыл түсі ойыннан қуатын ескерту қағазын көрсетеді. Осылайша Франкфурт көшелері футбол фестивалінен тыс қалмай, қала тұрғындары мен қонақтарын бір қуантып қойды. Алмания елінде өтіп жатқан Еуропа чемпионаты шілденің 14-не дейін жалғасады. Алайда бағдаршамдар дүбірлі дода аяқталғаннан кейін де Еурокубоктан хабар беретін естелік нышан болып қала бермек.


Автор
Редакция
Бөлісу