Еуроодақ – Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі
Еуроодақ – Қазақстанның ең ірі әрі аса маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Премьер-министр Олжас Бектенов одақтың дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуінде осылай деді. Бүгінде Қазақстанға тартылған жалпы инвестицияның 40 пайызы мен сыртқы сауданың 30 пайызы Еуроодақ елдеріне тиесілі. Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытының перспективаларын талқылады. Қазір Қазақстан арқылы Еуропаға жеткізілетін тауардың 85% Қытайдан тасымалданады. Ал жүк жеткізу уақыты 12-15 күн.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Негізгі көлік дәліздерінің түйіскен тұсында орналасқан Қазақстан әлемдік ірі нарықтарды қолжетімді ете отырып, Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік хаб саналады. Осы тұрғыда Орта дәліздің стратегиялық маңызын атап өткім келеді. Жалпы біз Орта дәлізді одан әрі дамытуға мүдделіміз және Еуропа елдерімен логистикалық байланыстарды кеңейтуге ниеттіміз.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner