Қазақстан ТМД парламенттік ассамблеясында бастама көтерді
Санкт-Петербургте Қазақстан Сенаты ТМД Парламенттік ассамблеясы аясында отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға бастамашы болды. Қазақстандық сенаторлардың бұл бастамасына ұйымдағы әріптестері қолдау білдіріп, біздің мемлекеттің заңнамалық жұмыстағы оң тәжірибесіне назар аударды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды заңнамалық тұрғыдан реттеу және оның алдын алу бағытында Қазақстанның айтарлықтай тәжірибесі бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен биыл сәуір айында әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды арттыруға арналған заң қабылданды. Сондықтан Қазақстан Парламентінің Сенаты ТМД елдері үшін модельдік заң әзірлеу туралы бастама көтерді. Осы жылдың соңына дейін Сенат тиісті заңнамалық актінің жобасын Парламентаралық Ассамблеяның қарауына енгізеді. Аталған модельдік заңды ТМД елдерінің Парламент депутаттары өздерінің заң шығару қызметінде пайдалана алады».
Сондай-ақ оныншы БРИКС Парламенттік форумының екінші күнінде мәдени-гуманитарлық саладағы парламентаралық ынтымақты нығайту барысына назар аударылды. Сенат төрағасы сапар аясында Қытай, Ресей, Үндістан және Қырғыз әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.
Индира Бегайдар
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner