Петропавлда 35 отбасы жаңа баспанаға ие болды
Осымен «Бірлік» шағын ауданында 186 үй берілді. Тағы, 514 баспананың құрылысы жүріп жатыр. Олар жылу беру маусымы басталғанға дейін халық игілігіне тапсырылуы тиіс. Қоныстой иелерінің бірі Жасұлан Әубәкіров үйін су басқанда қатты уайымдағанын айтады. Ал бүгін қолына жаңа баспананың кілті тиіп, қуанышқа кенелді.
Жасұлан Әубәкіров, Петропавл қаласының тұрғыны:
Ескі үй кішкентай үй болған. Мына үй ұнады. Үлкен, кең екен әрі жарық. Кочегарка бөлек есіктен кіреді. Орамдары кең, бәрі бар. Енді қалғандарын өзіміз істеп аламыз.
Облыста 4 мыңға жуық үйді су басты. Оның жартысы жөндеуге жарамсыз деп танылды. Тасқыннан зардап шеккендерге «Қызылжар асар» қоғамдық қоры арқылы 775 пәтер сатып алынды. Бұл мақсатқа 15 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Серік Мұхамадиев, Петропавл қаласының әкімі:Осы айда «Бірлік» шағын ауданына тағы да 90 баспананың кілті тапсырылады. Келер жылы тасжол төселеді. Қала бойынша 757 үй жөнделуі тиіс. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Тасқынға қатысты барлық мәселелер 1 қазанға дейін шешіледі деп ойлаймын.
Э.Кәленова
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner