Лаки Кесоглу «Барыс» орденімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Лаки Кесоглу «Барыс» орденімен марапатталды

Лаки Кесоглу «Барыс» орденімен марапатталды

Бүгін көпшілік арасында Лаки Кесоглу деп танылған әнші Пантелей Кесоглу 85 жасқа толды. Президент мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Арнайы Жарлыққа қол қойды. Лаки Кесоглу кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі. Ол 1939 жылы 22-шілдеде дүниеге келген. Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.

Динара Жарқынбек


Автор
Редакция
Бөлісу