Мемлекет басшысы Иран Президентімен сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Иран Президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Иран Президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Телефонмен әңгімелесу барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалар да талқыланды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Шерхан Жамбылұлы


Бөлісу