Биыл елімізде 12 мың шақырым жол жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Биыл елімізде 12 мың шақырым жол жөнделді

Биыл елімізде 12 мың шақырым жол жөнделді

Биыл 12 мың шақырым жол жөнделіп жатыр. Оның ішінде жаңадан салынып жатқаны да бар. 7 мың шақырымы биыл пайдалануға беріледі. Дегенмен Көлік министрлігі мұны рекордтық көрсеткіш деп отыр. Жалпы елімізде автожолдардың ұзындығы 95 мың шақырым. Оның 25 мың шақырымы республикалық, ал қалғаны жергілікті жолдар. . Ал, жөнделіп жатқан жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мыңы – жергілікті желіге тиесілі. 7 мыңы жыл соңына дейін аяқталады.

2 мың шақырымға жететін төрт автожол бойынша реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында «Қарағанды – Алматы», «Талдықорған – Өскемен», «Атырау – Астрахан» және «Ақтөбе – Қандыағаш» жолдары бар.

Халықаралық рейстер 33 бағытқа көбейді

Биыл азаматтық авиация саласында жолаушылар ағыны өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артып, 6,8 млн адамға жетті. Отандық әуежайларда 11,3 млн жолаушыға қызмет көрсетілді.

Биыл отандық әуе компаниялары паркі 5 ұшақпен толықтырылды. Халықаралық рейстердің географиясы 33 елге дейін кеңейді. Қазір 132 бағыт бойынша аптасына 760 рейс орындалып жатыр.


Автор
Редакция
Бөлісу