Сенат төрағасы Иран президентін ұлықтау рәсіміне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Сенат төрағасы Иран президентін ұлықтау рәсіміне қатысты

Сенат төрағасы Иран президентін ұлықтау рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Иран президенті Масуд Пезешкианды ұлықтау рәсіміне қатысты.

Сондай-ақ Палата спикері Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасымен және Ислам мәдениеті және байланыстары ұйымының басшысымен кездесті. Екіжақты кездесулер барысында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынасты арттыру және парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Иран – Қазақстан үшін ең маңызды мемлекеттердің бірі, біз бір жағынан көршіміз. Жалпы өзіңізбен екі апта бұрын кездесіп, екі жақты ынтымақты жан-жақты талқыладық

Азамат Нұғыманов

Автор
Редакция
Бөлісу