Қазақстанға 12 млрд доллардан астам инвестиция тартылды
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады. Бектұров Президентке орталықтың биылғы бірінші жарты жылдықтағы қызметі туралы есеп берді.
Ренат Бектұровтың айтуынша, бүгінде Қаржы орталығы арқылы Қазақстанға 12 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған. Бұл жобалардан бюджетке 115 миллиард теңге салық түсті. Ал биыл орталыққа тағы 500-ден астам компания қосылды. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға айтарлықтай ықпал етті. Ренат Бектұров биыл маусым айында AIFC Community бастамасы аясында алғашқы іс-шара өткенін хабарлады. Сондай-ақ биыл 5-6 қыркүйекте болатын дәстүрлі Astana Finance Days 2024 шарасына дайындық барысын баяндады.
Ренат Бектұров, «Астана» ХҚО басқарушысы:
Осы форумның аясында біз цифрлық активтер, қаржы нарығы, жасыл қаржылар секілді тақырыптарды қозғаймыз. Жүзден астам халықаралық және жергілікті сарапшылар қатысады. Осы баяндаманың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ұстанымын айтты. Астана халықаралық қаржы күндерін өткізуіне өзінің кеңестерін және нақты тапсырмалар берді.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner