Мемлекет басшысы химиядан Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы химиядан Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

Мемлекет басшысы химиядан Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эр-Риядта өткен химиядан 56-шы Халықаралық олимпиаданың жүлдегерлеріне құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы «Қазақстан құрама командасы үшінші жыл қатарынан беделді турнирде жоғары нәтижеге қол жеткізгені қуантады» - деді.

Жарыста жүйрік болып, халықаралық ғылымда еліміздің білім беру деңгейі жоғары екенін және бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді, деп баға берді. Сондай-ақ бұл жетістік еліміздің дамуына қызмет ететін кәсіби жетістіктерге ұласатынына сенімді екенін жазды. Мемлекет басшысы жас дарын иелерінің алдағы уақытта да білімнің биік шыңын бағындыра берулеріне тілектестік білдірді.

Динара Жарқынбек


Бөлісу