Елордада Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елордада Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті

Елордада Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті

Орталық Азия елдері Мемлекет басшыларының саяси еркі мен даналығының арқасында аймақта сенім ахуалы орнады. Жыл сайын өзара тиімді, жан-жақты ынтымақты тереңдету үшін жоспарлы жағдай жасалып жатыр. Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесінде Үкімет басшысының орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу осылай деді.

Кеңеске Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан сыртқы істер ведомстволарының басшылары қатысты. Жиында Қазақстанның төрағалық аясында атқарылған бірлескен жұмысы қорытындыланды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.


Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу