Париж-2024: Олимпиаданың аяқталуына 2 күн қалды
Бүгін таэквондо мен еркін күрестен спортшыларымыз жарысқа шықты. Өкінішке қарай, олардың жолы болмады. Жерлестеріміздің нәтижелері туралы Парижде жүрген тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес баяндауға дайын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Бүгінгі жарыс жолына алғашқы болып 80 келі салмақта таэквондошы Батырхан Төлеуғали шықты. Жерлесіміз біріші айналымда Мали елінің өкілінен 2:1 басым түсті. Ал екінші айналымда италиялық спортшыдан жеңіліп қалды. Айта кету керек, Батырхан - жастар арасында таэквандодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Бүгін еркін күрестен де белдесулер өтті. Қазақстан атынан боз кілемге Юсуп Батурмұрзаев шықты. Балуанымыз бірінші айналымда Польша елінің өкілімен күресіп, 4:1 есебімен ұтылып қалды.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ертең брейкингтен Ұлттық құрама спортшысы Амир Закиров сынға түседі. Оның қарсыластары белгілі болды. Жерлесіміз Нидерланд, Марокко және Қытай өкілдерімен бақ сынайды. Сондай-ақ еркін күрестен де белдесулер бар. Ел қоржынына жүлде түседі деген үміттеміз. Әзірге Ұлттық құрама еншісінде 7 медаль бар.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл орта білім саласында қандай өзгерістер болды?
19.12.2024, 20:00

Ақмола облысында бидайды терең өңдейтін кәсіпорын салынады
19.12.2024, 10:03
Солтүстік Қазақстанда көпір қақ бөлініп, жүк көлігі суға түсіп кетті
19.12.2024, 10:02
Атырау облысында мал ұрлаған жігіт 7 жылға сотталды
19.12.2024, 10:01
Ақтөбе облысында шошқа тұмауымен ауыратындардың саны күрт өсті
19.12.2024, 10:00
Алматыдағы метро бекеттерінде арнайы турникет орнатылады
18.12.2024, 21:00
Босқындар лагері: Түркияны паналаған сириялықтар еліне оралып жатыр
18.12.2024, 20:28
Жойқын циклонның кесірінен Францияда 100 мыңдай адам жоғалып кетті
18.12.2024, 20:24
Banner