Әлихан Смайылов Мемлекет басшысына аудит қорытындысы туралы баяндады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Әлихан Смайылов Мемлекет басшысына аудит қорытындысы туралы баяндады

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысына аудит қорытындысы туралы баяндады

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады. Әлихан Смайылов Президентке палатаның жұмысы туралы баяндады. Теміржол, көлік салаларына, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы облыстарының бюджеттеріне және қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне аудит жүргізілген. Нәтижесінде 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталған.

Әлихан Смайылов, ҚР Жоғары аудиторлық палата төрағасы:

Мемлекет басшысына мен мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру, осы айдағы жұмыстардың тиімділігін көтеру бойынша ары қарай реформалау бойынша ұсыныстарды айттым. Жалпы Мемлекет басшысы біздің ұсыныстарымызды қолдады. 

Досжан Маратұлы

Бөлісу