Паралимпиада: Қазақстан құрамасы волейболдан жартылай финалға шығу үшін күш сынасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Паралимпиада: Қазақстан құрамасы волейболдан жартылай финалға шығу үшін күш сынасады

Паралимпиада: Қазақстан құрамасы волейболдан жартылай финалға шығу үшін күш сынасады

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында бүгін отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға шығу үшін күш сынасады. Матчтың басталу уақыты Астана уақытымен 15:00-де. А тобындағы Қазақстан мен Мысыр командаласы бақ сынасады. Екі командада да үш ұпайдан бар. Қос құрама кездесуінің жеңімпазы плей-офф кезеңіне жолдама алады. Жеңілгені бесінші орын үшін таласады. Ал В тобынан Германия мен Иран жартылай финалға ерте жолдама алды. А квартетінде өнер көрсететін Украина мен Бразилия, сондай-ақ Франция құрамалары жарыс жолынан шығып қалды. 

Аида Ахметбек

Автор
Редакция
Бөлісу