Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері Еркін Ғаббасов елге оралды
Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері Еркін Ғаббасов елге оралды. Нысана көздеуден тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш медаль алған пара спортшыны Астана әуежайынан министрлік өкілдері мен туған-туыстары қарсы алды.
Еркін Ғаббасов R1 және R3 санаты бойынша винтовкамен 10 метрге отырып нысана көздеуде сынға түсті. R1 санатында финалға дейін жетіп, екінші орын алса, аралас сайыстың R3 санатында 35-орыннан көрінді. Мергеннің айтуынша, жеңіс тұғыранан көрінуге жанкүйерлерден бөлек анасы мен жұбайының көмегі зор болған.
Еркін Ғаббасов, Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері:
Қобалжудамын әлі, қобалжып кеттім. Осылай күтіп алады деп ойлаған жоқпын. Ендігі мақсат, жоспар дайындалу керек, корей пара спортшысын жеңу керек. Жеңісімді әкеме арнаймын. Ол кісі менің қызығымды көре алмай кетті. Қазір анам қасымда. Сол кісіге арнаймын. Қазақ еліне арнаймын.
Асылбек Данияр
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner