ҚХА Президент тапсырмасын іске асыруға күш салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар ҚХА Президент тапсырмасын іске асыруға күш салады

ҚХА Президент тапсырмасын іске асыруға күш салады

Қазақстанды жайлы және қауіпсіз өмір сүру аймағына айналдыру үшін Ассамблеяның әрбір мүшесі күш салуға дайын. Бұл – Президент Жолдауында айтылған басым бағыттың бірі. Алматыда бас қосқан этно-мәдени бірлестік өкілдері осындай ой білдірді. Олар Президент тапсырмаларын іске асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен рөлін талқылады. Сондай-ақ алдағы референдум, атом электр станциясын салудың маңыздылығы жайлы пікірлер айтылды.

Долкунтай Абдулхалил, Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының төрағасы:

Тоқ мәселесі алдымызға қойған жоспар деп есептейміз. Сақтандыруын жақсылап жасап, елімізге неге пайдаланбасқа? Дамыған мемлекеттер қатарына қосыламыз, экономикамыз өсетін болса, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі де жақсыланады.

Жазира Оразқызы


Автор
Редакция
Бөлісу