Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Армения халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Армения халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Армения халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы жолдаған жеделхатта Армения мемлекетін дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайту ісінде премьер-министр Никол Пашинанға толағай табыс тілейтінін атап өткен.

Әрі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қазақ-армян қарым-қатынастарын жан-жақты күшейтуге бейілді екенін жазған.


Автор
Редакция
Бөлісу