Президент шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат олимпиадасынан күміс жүлде иеленген әйелдер құрамасын құттықтады.
2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!» - деп жазды Мемлекет басшысы өз әлеуметтік парақшасында.
Айта өтейік, Будапештте өткен сайыста Қазақстан құрамасы 18 ұпай жинап, алғаш рет жүлдегер атанды. Ақтық сында жерлестеріміз АҚШ командасымен бақ сынасты. Ал ұлттық құрама намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Амина Қайырбекова қорғады. Халықаралық додаға 188 мемлекет қатысқан.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner