Қызылордада оқушы мектепте бұрыш баллонын шашқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қызылордада оқушы мектепте бұрыш баллонын шашқан

Қызылордада оқушы мектепте бұрыш баллонын шашқан

Қызылорда қаласында нөмірі 253 мектепте оқушы бұрыш баллонын шашып, салдарынан 4 жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оқиға кеше оқу процесі барысында болған. Сотқар оқушы қоңырау кезінде дәлізге бұрыш баллонын шашып жіберген. Ойнаймын деп опық жеген баланың ісі қазір кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияның қарауында. Осы деректен кейін мектепте тиісті бақылау жүргізбеген директор мен оның екі орынбасары және сынып жетекшісі қызметінен босатылды.

Әділбек Серікұлы

Автор
Редакция
Бөлісу