Алматыда қызылордалықтардың өнер күндері өтті
«Сұлу Сырдан – Ару Алматыға». Осындай атаумен алып шаһарда Қызылорда облысының «Өнер күндері» өтті. Сыр өнерпаздары сұлу сазға шөліркеген алматылық көрерменге халық әндерін, жыраулық өнер мұрасын, классика мен эстрада жанрындағы музыкалық туындыларды ұсынды. Екі күн бойы жұрт жыр-термелерді тыңдап, құлақ құрышын қандырды. Сондай-ақ өнер күндері аясында «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ұсынылды. Көрмеге археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылып, жаңғыртудан өткен «Шірік-Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы» мүсіндері сынды сирек кездесетін құнды жәдігерлер қойылды.
Мұхтар Ниязов, Н.Бекежанов атындағы академиялық музыкалық драма театрының директоры:
Сыр бойына қандай өнер тән, адамзатқа қандай өнер тән, бір сахнаға тоғысқан сәт. Мен ойлаймын, Алматының қонақтарына Сыр бойының тартуы деп. Әр салада қозғалыс бар, алға даму бар.Үлкен қаладағы көрермен бір қанаттанса, жергілікті өнерпаздар да үлкен сахнаға бір шығып, қанаттанып, әлемдік сахнаға баспалдақ деп ойлаймын.
Жазира Оразқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner