Қонаев қаласы жағажайларынан 20 тонна қоқыс шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қонаев қаласы жағажайларынан 20 тонна қоқыс шығарылды

Қонаев қаласы жағажайларынан 20 тонна қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында Қонаев қаласының жағажайлары қоқыстан тазартылды. Үш гектар аумақтан 20 тонна қоқыс шығарылды. 60-тан аса адам атсалысқан іс-шараға қала белсенділері, ардагерлер мен еріктілер қатысты. Олар жағажайды басқан жабайы шөптерді жұлып, түрлі қатты қалдықтардан арылтты. Осыған дейін науқан аясында Алматы облысында 8 мың гектар аумақ тазартылып, 24 мың тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ 68 мың түп ағаш отырғызылған.

Базарбай Оралбай, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Осындай іс-шаралар бола беру керек. Қазіргі үйдегі тәрбие, мектептегі тәрбиенің бәрін бала-шағалардың бәрін үйрету керек. Отырған жерінді, жүрген жерінді таза ұста деп. Сол таза болатын болса, өзімізге де жақсы. Саяжайлардың бәрін жақсартып жатыр қазір.

Айдана Қуантхан

Автор
Редакция
Бөлісу