Толассыз ақпарат – аймақтық БАҚ жұмысын қалай өзгертуде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Толассыз ақпарат – аймақтық БАҚ жұмысын қалай өзгертуде?

Толассыз ақпарат – аймақтық БАҚ жұмысын қалай өзгертуде?

Толассыз ақпарат аймақтық БАҚ жұмысын қалай өзгертуде? Дәл қазір media week алаңында осындай тақырыппен панельдік сессия басталды. Ол жерде өңірлік БАҚ саласының өкілдері жауап беретін болады. Өзара тәжірибе алмасады. Қазір әріптесім Самал Қабышева бізге тікелей эфирде хабар таратуға дайын. Самал, сіз эфирдесіз.

Самал Қабышева, тілші:

«Толассыз ақпарат – аймақтық БАҚ-тың жұмысын қалай өзгертеді?» деп аталатын панелдік сессия басталды. Дәл қазір сол панельдік сессияда спикер ретінде сөйлейтін өкілдің бірі қасымызда тұр. Ол – «Qyzylorda» телеарнасының директоры Нұрбек Шынтемірұлы. Нұрбек Шынтемірұлы, бірден жауапқа көшсек, қалай өзгертуде?

Нұрбек ӘМИША, «Qyzylorda» телеарнасының директоры:

Әрине, аймақтық медианың өкілі болғандықтан, біз өзіміздің аудиториямызды білеміз. Қандай адам көреді, жасы, жынысы қандай дегенді зерттеп алғанбыз. Сондықтан қазіргі белгілі заманауи трендтер, технология, интернет, бәрі белгілі. Конвергенция әдісі, мысалы әлеуметтік желімен байланысу, стримдер жасау, басқа да әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өзіміздің өнімдерімізді ұсынып жатырмыз.

Самал Қабышева

Автор
Редакция
Бөлісу