Шерхан Мұртазаның шаңырағында басқосу өтті
Жамбыл облысында ақындар мен әкімдер Шерхан Мұртаза үйіне жиналып, ашық аспан астында өлең оқыды. Поэзия сүйер қауым қазақтың Шерағасы туып өскен Жуалы ауданы, Талапты ауылының аспанын әдемі лирика мен әсем әнге бөледі.
Мұндағы мақсат - жазушының туған күніне орай шығармашылығын насихаттау. Келелі кештің ерекше композицияда өтуіне тау бөктеріндегі ауылдың суық түні де кедергі болмады. Өлең оқыған қаламгерлер мен мемлекеттік қызметшілер от жағып отырып, қоламтаға қайнатылған шәй ішіп жылынды. Әдеби кешке Астана мен Алматыдан белгілі ақындар Ерлан Жүніс, Олжас Сәндібек те келді. Жиналғандар қаранар жазушының қара шаңырағы рухани ордаға айналғанына қуанышты.
Ерлан Жүніс, ақын:
Жыл сайын осы жерде Шерхан Мұртазаның тұрған үйінде, өзінің даңқты «Ай мен Айшасын» жазған үйінде ән мен жырдың кеші жыл сайын ұйымдастырылмақ екен. Мұны Жамбыл жұртының ғана емес, қазақ руханиятының үлкен жақсылығы деп білеміз.
Данияр Әлімқұл
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner