Ақтөбедегі тазалық шарасына жүзден аса студент қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақтөбедегі тазалық шарасына жүзден аса студент қатысты

Ақтөбедегі тазалық шарасына жүзден аса студент қатысты

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Ақтөбе облысында студенттердің қатысуымен 300-ден аса тазалық акциясы ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараларға мыңнан аса адам қатысқан. Бүгін де қаладағы үш университет пен колледждерден жиналған жүзден аса студент Шернияз көшесіндегі гүлзарлардың бойын тазартты. Жастар айналдырған бір-екі сағаттың ішінде ондаған қапшық қоқыс шығарды. «Қала тазалығына бірге үлес қосайық» деген ұранмен өтіп жатқан мұндай шаралар жыл бойы жүреді.

Темірлан Алдажаров, Қазақстан студенттері альянсының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы:

Бұл акцияның мақсаты тек қоқыс тазалаумен шектелмейді. Студенттерге, қала тұрғындарына экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз септігін тигізеді.

Жақсыбек Кемал

Автор
Редакция
Бөлісу