Биыл Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының құрылғанына - 90 жыл
Биыл Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының құрылғанына - 90 жыл. Сондай-ақ, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» опералық спектаклінің жарыққа шыққанына 80 жыл толып отыр. Өнер ордасы жаңа маусымды дәстүрге сай осы қойылыммен ашты. Театр ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Жылдар бойы өмірін сахнаға арнаған жандарға арнайы төсбелгі мен сыйлықтар табысталды. Салтанатты шараға КСРО Халық әртісі және Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бибігүл Төлегенова, Қазақ КСР Халық әртісі және Мемлекеттік сыйлықтың иегері Раушан Байсейітова бастаған өнер майталмандары мен опера және балет театрының әртістері қатысты.
Төлеген Мұхамеджанов, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Қазақ халқының тағдырында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының орны ерекше. Алтын әріппен жазылған. Әлі талай-талай жақсы қойылымдар болады. Әлі талай-талай керемет өнер тарландары осы театрдан шығады. Сондықтан бүгінгі күн жалпы үлкен өнер саласында ерекше, қымбат күн деп санаймын.
Қуан Нұрақын
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner