Алматыда дирижерлар шеруі өтті
Алматыда дирижерлар шеруі өтті. Шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің құрылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
Концертте Өзбекстан мен Қырғызстанның халық әртістері және елімізге белгілі өнер қайраткерлері сахнада өнер көрсетті. Шара аясында келушілерге оркестрдің қалыптасу кезеңінен мағлұмат беретін құнды жәдігерлер топтамасы көрсетілді. Шығармашылық ұжым биыл мерейтойға орай алыс-жақын шетелдер мен еліміздің барлық өңірін гастрольдік сапармен аралауды жоспарлап отыр.
Алтынбек Ахметов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі директорының орынбасары:
Ертең оркестр Түркменстанға жол жүріп жатыр. Түркменстандағы Қазақстан күндерін атап өтпекші. Соған оркестріміздің жеке де концертін Ашхабад қаласында бергелі отыр. Және алда болашақта Қазақстанның да ішінде гастрольдік сапарларымыз бар. Болашақтағы концерттеріміздің барлығы 90 жылдық мерейтой аясында өтпек.
Қуан Нұрақын
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner