Оңтүстік Кореядан шамамен 150 адам дауыс береді деп жоспарланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Оңтүстік Кореядан шамамен 150 адам дауыс береді деп жоспарланған

Оңтүстік Кореядан шамамен 150 адам дауыс береді деп жоспарланған

Шетелдегі дауыс беру учаскелері де жұмысын бастады. Алғашқы болып Сеулдегі 390-шы референдум учаскесі ашылды. Дауыс беру орны жергілікті уақытпен 7-де ашылды. Мұнда референдум комиссиясының 5 қызметкері жұмыс істейді. Учаскедегі жұмыс Мемлекеттік әнұранмен басталды. Алғашқы болып дауыс берген Камила Маутова болды. Ол Оңтүстік Кореяда қызметтік іссапарда жүр. Учаске кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді, яғни Астана уақыты бойынша сағат 16:00-ге дейін. Оңтүстік Кореядан шамамен 150 адам дауыс береді деп жоспарланған.

Камила Мәуітова, Қазақстан азаматы:

Референдум әр адамның таңдау жасауға құқы бар екенін, және дауыс берудің ашықтығын қамтамасыз ететін бірден-бір науқан. Үкімет осылайша біздің пікірімізді ескеріп отыр. Ал біз референдумда барынша белсенді болуымыз керек. 

Айя Мүтәлі


Автор
Редакция
Бөлісу