Астанада сарбаздар алғашқылардың бірі болып дауыс береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада сарбаздар алғашқылардың бірі болып дауыс береді

Астанада сарбаздар алғашқылардың бірі болып дауыс береді

Бүгінгі референдумда ұландықтар алғашқылардың бірі болып дауыс береді. Қызметтің ерекше тәртібіне байланысты әскери бөлімдерде учаскелер таңғы сағат 6:00 де ашылды. Өйткені сарбаздар таңғы сағат 07:00-ден бастап көшелердегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылды.
Астанадағы ұлттық ұланның бөлімдерінде 2 мыңға жуық әскери қызметші дауыс берді. Сондай-ақ, референдум күнімен тұспа-тұс келген туған күн иелеріне және бірінші дауыс берушілерге естелік сыйлықтар табысталды.

Оңғар Алпысбай

Автор
Редакция
Бөлісу