Жамбыл облысында 717 мың адам дауыс беруге құқылы
Жамбыл облысында жалпы саны 700 мыңнан аса адам дауыс беруге құқылы. Әулиеата жерінен әріптесім Данияр Әлімқұл тікелей эфирде қосылды.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Иә әріптес Жамбыл жерінде де қоғамдық маңызы бар Референдум өз уақытымен басталды. Бүгін аймақтың ауа райы да жанға жайлы болып тұр. Күн көзі күлімдеп, келушілердің де көңіліне жағып тұрғанын байқадық. Таңмен таласа тұрған тұрғындар таңдауын жасауға өз учаскелеріне ағылып келуде. Мен тұрған жер нөмірі 78-ші және 79-шы дауыс беру учаскесі. Бүгін аймақ бойынша 508 учаске ашылды, оның 135-і Тараз қаласында. Дәл қазір менің қасымда облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов тұр. Айтыңызшы түске дейін дауыс берушілердің қанша пайызы өз таңдауын жасап үлгерді?
Серғали Айдапкелов, облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы:
Жалпы облыс бойынша 508 референдум комиссияларының құрамында 3 616 комиссия мүшесі халыққа қызмет көрсетуде. Сағат 12-дегі жағдай бойынша 717 мың референдумға қатысуға құқы бар адамдардың 36,37% қатысты. Барлық учаскелерде қоғамдық ұйымдардың тарапынан байқаушылар қатысуда. Олардың жалпы саны 1281 адамды құрап отыр. Қазіргә уақытта референдум учаскелерінде ешқандай заң бұзушылық орын алған жоқ.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Әзірге тұрғындар таңдауы бойынша алған ақпаратымыз осындай болды. Алдағы шығарылымдарда көрсеткіштер туралы тағы қосымша баяндаймыз.
Данияр Әлімқұл
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner