Жетісу облысында бір әулеттің 33 мүшесі дауыс берді
Жетісу облысының Панфилов ауданында бір әулеттің 33 мүшесі дауыс берді. Жақыбаевтар шаңырағы өз таңдауын жасауға келгенде референдум учаскесінде ине шаншар орын қалмады. Әулеттің анасы Азия Жақыбаева «бұл ертеңгі ұрпақтың жарқын болашағына, елдің дамуы мен гүлденуіне қосқан үлесіміз» дейді. Жалпы Панфилов ауданында 78 референдум учаскесі жұмыс істеп тұрса, дауыс беру құқығына ие 85 мыңға жуық адам бар.
Азия Жақыбаева, Жаркент қаласының тұрғыны:
Бес қыз, төрт ұлдан 36 немерем бар. 36 немеремнен 69 шөберем бар. Құдайға мың тәубә! Бала-шағамызбен, әулетімізбен ойлана келе еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп, еліміздің болашағы үшін бүгін келіп отырмыз балам!
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner