Алматыда профессор Құсайын Рысалдының құрметіне ғылыми-тәжірибелік конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Алматыда профессор Құсайын Рысалдының құрметіне ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алматыда профессор Құсайын Рысалдының құрметіне ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Ғалымның салған ізімен... ». Алматыда филология ғылымдарының докторы, профессор Құсайын Рысалдының құрметіне ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Басқосуда ардагер ұстаздың 60 жылдық еңбегі, отандық ғылымға қосқан баға жетпес үлесі сөз болды. Бүгінге дейін Құсайын Тынысбайұлының 100-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған 20-дан астам оқулығы, монографиялары жарық көрген. Профессор жас ғалымдардың үлкен тобын дайындап, жауапты қызметтерді абыройлы атқарды. Ғалымдық пен ұстаздықты шебер ұштастыра білген Құсайын Рысалды тіл білімі салалары бойынша дәріс оқып, семинарлар жүргізеді.

Құсайын Рысалды, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуының әлемдік деңгейге жетуіне деген қойылған мақсатына байланысты. Қазақтың тілі кез келген әлемдік тілдердің ішінде ерекше болатын себебі – кең байтақ тіл байлығы бар.


Жазира Оразқызы


Автор
Редакция
Бөлісу