Мәулен Әшімбаев: Қатарлық инвесторлар Қазақстанға 20 млрд доллар инвестиция құяды
Қатарлық инвесторлар Қазақстанға 20 млрд доллар инвестиция құяды. Бүгін Сенатта тиісті заң жобасы мақұлданды.
Нәтижесінде телекоммуникация, энергетика, мұнай-химия салаларындағы 9 ауқымды жоба іске асады. Сонымен бірге, «Bereke Bank»-тің акцияларын сату да қарастырылған. Осылайша, бұл жобалардың құрылыс кезінде 14 мың, іске қосылған соң 3 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Қатар инвесторларына да салықтық жеңілдіктер беріледі.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Келісім еліміздің аумағында Қатар мемлекетімен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында әзірленген. жалпы заңның қабылдануы, экономикамыздың дамуына және екі ел арасындағы әріптестіктің одан әрі нығаюына оң септігін тигізеді деп сенеміз.
Айя Мүтәлі
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner