Армения Президенті Ваагн Хачатурян 15 қазан күні елімізге ресми сапармен келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Армения Президенті Ваагн Хачатурян 15 қазан күні елімізге ресми сапармен келеді

Армения Президенті Ваагн Хачатурян 15 қазан күні елімізге ресми сапармен келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Президенті Ваагн Хачатурян елімізге, алдағы сейсенбі күні ресми сапармен келеді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады. Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр.

Автор
Редакция
Бөлісу