Орталық Азия елдері мен Корея республикасы бірлескен декларация қабылдады
Түрікменстан астанасы Ашхабадта Парламент төрағалары кездесті. Орталық Азия мен Корея елдерінің басқосуына Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған делегация қатысты. Кездесу «Бейбітшілік, өркендеу және өзара сенім жолындағы серіктестік» атты пленарлық сессиядан басталды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазіргі жаһандық климаттық және демографиялық сын-қатерлердің белең алуы, қақтығыстардың ушығуы, мемлекеттер арасындағы шиеленістер мен сенімсіздіктің өршуі жағдайында ұсынылған тақырыптың өзектілігіне тоқталды. Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасы парламенттері төрағалары форумының қорытындысы бойынша бірлескен Декларация қабылданды.
Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:
Қазіргі кезде Орталық Азия біртұтас өңір ретінде дамудың жаңа кезеңін бастан кешуде. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев оны «Орталық Азияның ренессансы» деп атады. Қазақстан аймақтың Кореямен сенімді саяси диалогты, экономикалық, инвестициялық байланыстарды дамытумен қатар, парламенттік дипломатияны да нығайтуға мүдделі. Біздің елдерімізді өсіп-өркендеу және жайлы қоғам қалыптастыру жолындағы ортақ мақсаттар біріктіреді.
Самал Қабышева
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner