Президенттер Арменияның мәдениет күндеріне орай ұйымдастырылған салтанатты концертке барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Президенттер Арменияның мәдениет күндеріне орай ұйымдастырылған салтанатты концертке барды

Президенттер Арменияның мәдениет күндеріне орай ұйымдастырылған салтанатты концертке барды

Бұдан соң президенттер Арменияның мәдениет күндеріне орай ұйымдастырылған салтанатты концертке барды. Екі ел басшылары алдымен даңқты армян кинорежиссері және суретшісі Сергей Параджановтың 100 жылдық мерейтойына арналған театр фойесіндегі фотокөрмені тамашалады.

Айта кетейік, 15-16 қазан күндері Астанада Армения киносының күндері өтеді. Ал Сос Саркисян атындағы «Амазгаин» театры көрермен назарына Даниил Хармс шығармасының желісімен қойылған «Лю-Беф» спектаклін ұсынады.

Шерхан Жамбылұлы

Автор
Редакция
Бөлісу