Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды

Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды

Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды. Қатерлі жағдайда болған науқас қаладағы №2 аурухананың перзентхана бөліміне шұғыл жеткізілген. Қатты қан кету мен үшінші дәрежелі геморрагиялық шок диагнозы қойылған. Ота үстелінде науқастың жүрегі тоқтап қалды. Мұны дер кезінде байқаған дәрігерлер, жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді. «Қазір ана мен нәрестенің жағдайы жақсы», - деді Денсаулық сақтау министрлігі.  

Автор
Редакция
Бөлісу