Астанада 3 мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада 3 мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты

Астанада 3 мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты

Құрманғазының әйгілі «Балбырауын» күйін бүгін елордалық 3 мың оқушы бір мезетте ойнап шықты. Бұл өнерпаздардың ең жасы 6-да. Домбыра үйірмелерінің шәкірттері мега жобаға 2 ай дайындалыпты. Оларға мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек дирижерлік етті.

Шарада балалардың санын 8 сарапшы, ал күйдің орындалу сапасын 4 сарапшы тексерді. 3 мың оқушы ойнаған «Балбырауын» күйі Қазақстан рекордтар кітабына енді.

Айта кетейік, осыған дейін Назарбаев зияткерлік мектебінің мың оқушысы бір мезетте домбырамен күй орындап, КИнЭС рекордтар кітабына енген еді.


Автор
Редакция
Бөлісу