Испанияда су тасқынынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Испанияда су тасқынынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Испанияда су тасқынынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Испанияда алапат тасқыннан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында отандастарымыз жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Иә, Испаниядағы табиғи апаттан қаза тапқандар саны бүгінде 95-ке жетті. Тағы ондаған тұрғын жоғалып кеткен. Су апаты құрбандарына байланысты ел премьер-министрі Педро Санчес алдағы үш күнді қаралы деп жариялады.

Тасқыннан Валенсия аймағы ең ең көп зардап шекті. Мұнда жолдар бұзылып, көпірлер мен ғимараттарды су шайып кеткен. Қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр.

Метеорологтардың сөзінше, Валенсияның кейбір жерлеріне сегіз сағатта бір жылдың жауыны жауған.

Арыстан Рысбек


Автор
Редакция
Бөлісу