55 мыңнан аса жасөспірімге адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар 55 мыңнан аса жасөспірімге адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салынды

55 мыңнан аса жасөспірімге адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салынды

Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина 11-13 жас аралығындағы 55 мыңнан астам қызға егілді. Жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау қазан айының басынан бастап жүргізілуде. Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-ананың немесе заңды өкілдерінің келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл -қатерлі ісіктің алдын алудың негізгі жолы.

Жасұлан Алпысбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:

Қазақстанда обыр аурулары ішінде екінші орынды алып отыр. бірінші, сүт безі. Екінші, жатыр мойыны обыры. Бізде күнделікті екі-үш әйел адам қайтыс болып жатыр. Жылына 500-ден астам адам қайтыс болып жатыр. Біздің жоспарымыз бойынша 350 мың қыз баланы егу жоспарланып отыр.

Азамат Бейбітұлы


Автор
Редакция
Бөлісу