Мемлекеттік қызмет: Кеткенше асық жандар мен сол жұмысқа тұруды армандайтындар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мемлекеттік қызмет: Кеткенше асық жандар мен сол жұмысқа тұруды армандайтындар

Мемлекеттік қызмет: Кеткенше асық жандар мен сол жұмысқа тұруды армандайтындар

Елімізде мемлекеттік қызметшілерге тиесілі 90 672 штат бар. Оның 8 035 –і бос тұр. Тек Павлодар облысының мемлекеттік аппаратына қатысты мекемелерде 400-ден аса қызметкер жоқ. Демек басқалар қосымша жүктемеге «бүктетіліп» отыр деген сөз. «Бірақ мемлекеттік қызметші керек» деген жарнама көрінбейді деп жазады өңірдегі тілші.

Мемлекеттік қызмет. Кеткенше асық жандар аз емес. Дегенмен мемлекеттік қызметке тұруды армандайтындар да аз деп айта алмаймыз. Екі категория бойынша да түрлі себеп бар. «Шаршатқан» факторларға жүктеменің көптігі, жауапкершіліктің ауырлығы және жалақының аздығы жатады. Өзінікін ғана дұрыс санайтын басшы, әділетсіз және күдік ұялататын әрекеттер сияқты басқа да себептері бар.

Таразының бір басында бюрократия, коррупция, бойкүйездік, белден басу сияқты әміршіл-әкімшіл жүйе, екінші басында адамдарға жан ашып тұратын, түсіндіретін, көмектесетін, шаруасын тез бітіріп беретін жүрегі эмпатияға толы қарапайым қызметкерлер армиясы. «Таразының қай жағы басым?» -деген қиын сұрақты Данияр Қайыртай сараптайды.


Автор
Редакция
Бөлісу