Қызылордалық оқушылар пәндік Олимпиададан жүлделі оралды
Қызылордалық оқушылар Түркияда өткен халықаралық пәндік Олимпиададан жүлделі оралды.
Білім бәйгесіне биыл 20-ға жуық мемлекеттен екі мыңдай оқушы қатысқан. Сырдариялық өрендер химия, биология, бейнелеу өнері, тарих және ағылшын пәндерінен екі алтын, екі күміс, екі қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға Түркияның жоғары оқу орындары грант ұсынып отыр.
Ақтоты Әли, халықаралық пәнді олимпиаданың жүлдегері:
Олимпиадада мен биология пәнінен қатыстым. Әртүрлі мемлекеттерден екі мыңнан аса оқушы қатысқан. Өзімнің көңілімнен шықты. Сонымен бірге біз Ыстамбұл қаласында ғылыми жобаларды зерттегенбіз. Сол жерден бас жүлде алғанбыз.
Фатхи Алиакбар, халықаралық пәндік олимпиаданың жүлдегері:
Халықаралық Олимпиадаға химия-биология пәнінен қатысып, екеуінен де жүлде алдым. Қуанышымда шек жоқ. Өзім 11 сынып оқушысымын. Осы жетістігімнің арқасында жоғары оқу орындарына грант иелену мүмкіндігі берілді. Қанша жыл білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыма ерекше алғыс айтамын.
Әділбек Серікұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner