Қостанай облысында алғашқы жайлы мектеп ашылды
Қостанай облысында алғашқы жайлы мектеп ашылды. Ұлттық жоба аясында салынған 900 орындық жаңа білім ордасы Заречный ауылында бой көтерді. Үш қабатты ғимарат бастауыш, орта және жоғары буынды оқытуға арналған жеке блоктардан тұрады. Бірнеше спорт зал, кітапхана, оқу залы бар.
Физика, химия, биология кабинеттері, робототехника және компьютерлік сыныптар, STEM зертханалар заманауи түрде жабдықталған. Мұның бәрі оқушылардың білім сапасын арттыруға, ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Жалпы облыста ұлттық жоба аясында алты мектеп салынып жатыр. Жақында екінші білім ошағы да балаларға есігін айқара ашпақ.
Ринат Мұхаметқали, Облыс әкімінің орынбасары:
Осы аптада Арқалық қаласындағы тағы бір мектеп қолдануға беріледі. Жалпы салынып жатқан төрт мектептің екеуін осы жылдың соңында, сосын келесі жылда тағы екі мектепті беру жоспарланған. Осы бағдарламадан басқа 11 мектеп салынып жатыр. Сегіз мың балаға арналған.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner