Жер сілкінісі: Талғар қаласында оқу тоқтатылды
Алматыда тағы жер сілкінді. Дүмпудің күші алып шаһарда 3, Талғар мен Есік қаласында 4 балл болған. Сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше зілзала ошағы Алматы қаласынан 33 шақырым жерде, шығысқа қарай орналасқан.
Жазира Оразқызы, тілші:
Жер дүмпуінен сескенетін алматылықтар таңертең бір шошып қалғаны рас. Сағат 11-ге дейін 112 желісіне жүзден астам адам қоңырау шалған. Солардың басым бөлігі жер сілкінісі кезінде дабыл жүйесі неліктен іске қосылмағанын сұраған. Кейбір тұрғынға «Алматыда зілзала 4.5 балл қуатымен сезілді делінген хабарлама келген. Әсіресе балаларына алаңдаған ата-аналар мектепке жібермей, онлайн оқу туралы ұсыныс айтып жатыр. Дегенмен жер тербелісін әсірісе іргедегі Талғар қаласы тұрғындары қатты сезілді деп жатыр. Талғарлықтар жер сілкінісін сезген. Оны бейнебақылау камераларынан да анық байқауға болады. Мектептегі сабақтар дереу тоқтатылып, оқушылар сыртқа шығарылған. Көп мекемелерде де қызметкерлер қауіпсіздік мақсатында далаға шыққан. Талғар ауданы бойынша білім бөлімі сабақ болмайтынын, оқушылар қашықтан оқытылатынын хабарлады.
Мамандар жер дүмпуі кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді. Бірінші кезекте үрейге бой алдырмай, дереу ғимараттан сыртқа шығу қажет. Жеделсаты, баспалдақты қолданбаңыз, электр желілер мен ағаштардан аулақ болыңыз. Алдын-ала дайындалған дабыл жол сандығын алыңыз дейді мамандар.
Жазира Оразқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner