«Таза Қазақстан» акциясы Павлодар жастарын біріктірді
«Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Бүгін Павлодар қаласындағы «Жасыл ел» жастар жасағы жасөспірімдер мен балаларға арналған экология және туризм орталығына барды. Ондағы экологиялық музейді аралап, жылыжай жұмысымен танысты. «Жасыл Әлем» экологиялық шарасының мақсаты – экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатындағы әлеуметтік ережелерді игерудің сапасын дамыту. Ол үшін Павлодарлық белсенділер келер жылдан бастап оқу орындарында танымдық сабақтар өткізбек. Мәселен «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы экологиялық бағыттағы оннан аса шара тұрақты өткізіліп келеді. Бірақ бұл аз дейді белсенділер.
Арина Краскова, Павлодар қалалық «Жасыл ел» жастар жасағының жетекшісі:
Біз тек қана қала көшелері мен өзен жағасын тазалаумен айналысып жатқан жоқпыз. «Таза Қазақстан» акциясы аясында көптеген қызықты шараларды өткіздік. Тазалық жұмыстарынан бөлек тәрбие жұмыстарына да баса назар аудардық. Өйткені жастар қоршаған ортаны қорғаудың, сақтаудың маңыздылығын жете түсінулері керек. Бүгін жинаған жер ертең қайта шашылып жатады. Осыны тыйған жағдайда нәтиже бар деп айта аламыз.
Болат Аманбай
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner