Риддерде бір айлық мөлшердегі қар жауды
Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 тәулікте ауа райы құбылып тұр.Таулы аудандарда қарлы дауыл соғып кейбір жолдар жабылды. Риддерде бір айлық мөлшердегі қар жауды.
Олжас Керейхан –Тілші:
Қараша қалың қарымен келді. Соңғы үш тәулікте Қатонқарғай, Марқакөл,Күршім,Алтай аудандарнда қардың қалыңдығы 1 метрге жуықтап қалды. Тіпті Риддер қаласындағы шеткі шағын аудандармен қатынас болмай қалған. Коммуналдық мекемелер барлық техниканы жұмылдырғанымен жолдарды ашып үлгермей жатыр. Ал түңгі уақытта облыстағы бірнеше автокөлік жолдары жабылады. Қазірдің өзінде «Өскемен-Самара-Тарғын» «Теректі-Ұранқай-Төсқайың» бағыттары жабық тұр. Өйткені кейбір аумақтарда қарлы боранның жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.
Абай облысында да ауа райы қолайсыз болып тұр. Бірнеше аудан мен қалада оқушылар қашықтан оқып жатыр. Аягөздегі 12 мектепте , Жаңасемей ауданында екі мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті. Ал, Семейде бардық оқушылар мен қоса колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ доғарылды.
Олжас Керейхан
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner