Сауд Арабиядағы ИЫҰ-ны саммитіне Қазақстан қатысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Сауд Арабиядағы ИЫҰ-ны саммитіне Қазақстан қатысуда

Сауд Арабиядағы ИЫҰ-ны саммитіне Қазақстан қатысуда

Қазақстан соғыстан зардап шеккен Палестина тұрғындарына азық-түлікпен көмек көрсету үшін Ислам ынтымақтастығы ұйымының қаржы жинау бастамасын қолдайды. Бұл туралы Сауд Арабиясында өтіп жатқан ұйымның бірлескен кезектен тыс Саммитінде Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты. Жиын Таяу Шығыста болып жатқан қақтығысты реттеу және Ливандағы жағдайды тұрақтандыру мәселесі төңірегінде өтіп жатыр. Ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері геосаяси ахуалды, ислам әлемі алдында тұрған сын-қатерлерді талқылады. 

Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу