Дәстүрлі әнші 100 әнді тоқтаусыз орындап, Гиннес рекордына енбек
Таңды таңға ұрып, қазақ әндерін тамылжытып шырқайтын семейлік дәстүрлі әнші, Қайрат Қабышев 100 әнді тоқтамай орындап Гиннес рекордтар кітабына енуді көздейді. Жәнібек Кәрменовтің шәкірті жылдар бойы әнді толассыз шырқап жаттыққан. Мәдениет саласының үздігі дәстүрлі ән өнерінің 5 мектебіне енетін шығармаларды түгел жатқа біледі. Бүгін әнші Гиннес рекордтар кітабына тіркелуге жолдама ретінде арнайы концерт берді. Артынша әлемдік рекордтарды тіркейтін ұйымның өкілдігіне өтініш жолдайды. Осылайша ұлттық мұраның тізгінін ұстаған талант иесі төл мәдениетіміздің ерекшелігін әлемге насихаттамақ.
Қайрат Қабышев, дәстүрлі әнші:
Ата-бабамыздың кезінде Гиннес рекорды болған жоқ. Таңды атырып, тойдың басында отырып ән айтқан, жыр айтқан. Сондықтан мен ештеңе ойдан шығарған жоқпын. Мақтанатын ештеңем жоқ. Мен қазақтың кезінде ұмытылып қалған дәстүрін жаңғыртамын. 100 әнді орындау білесіздер, 3 минуттан салғанның өзінде 7 сағат орындалады. Арасында әңгіме құратын болсақ 10 сағатқа дейін кетіп қалуы мүмкін.
Ержан Жақып
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner