Министрлік: «Коксаки» вирусы Қазақстанда тіркелген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Министрлік: «Коксаки» вирусы Қазақстанда тіркелген жоқ

Министрлік: «Коксаки» вирусы Қазақстанда тіркелген жоқ

Ресейдің тоғыз аймағында тараған «коксаки» вирусы бізде тіркелмеген. Мұны Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Күні кеше «РосПотребНадзор» Ресей аймақтарындағы мектеп пен балабақшаларда қауіпсіздік шараларын жариялап, сенім телефонын іске қосты. Вирус әсіресе балалар арасында көбейген. Басты белгілері тамақ ауырып, ауыз айналасында, алақан мен аяққа бөртпе пайда болады. Мамандар инфекцияның 97%жеке гигиена сақтамағаннан болады деп отыр.


Автор
Редакция
Бөлісу