108 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар 108 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

108 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жүзден астам медицина қызметкері жазаланды. Олар медициналық және психоактивті препараттарды сақтау шарттарын бұзған. Ішкі істер министрлігі жүргізген жедел-профилактикалық жұмыс аясында мыңнан астам ұйым тексерілген. Нәтижесінде, 191 лауазымды тұлға, оның ішінде 108 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 44 мыңнан астам таблетка мен 14 мың ампуланың айналымына шектеу қойылды.

Серік Жұмабек

Автор
Редакция
Бөлісу