Балқашта мектеп тапшылығы мәселесі шешілді
Балқаш қаласында мектеп тапшылығы жойылады. Қалада жайлы мектептің құрылысы аяқталуға жақын. 900 орындық білім ошағында бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке 3 бөлім салынған.
Бұған дейін мың оқушыға шақталған білім мекемелерінде 1350 балаға дейін оқуға мәжбүр болды. «Енді мектеп тапсырылған соң бұл мәселе түбегейлі шешіледі» дейді мамандар. Оқушылар жаңа мектепте 3-ші тоқсаннан бастап оқиды. Қазір 53 педагог жұмысқа алынды.
Қарлығаш Дүбірбекова, Балқаш қаласы білім бөлімінің басшысы:
Жайлы мектеп. Қазір барлық керекті құжаттар жасақталды. Бәріміз асыға күтіп отырмыз. Атына, затына сай, кәсіби, білімді мұғалімдер жасақтау мақсатымыз. Кадр потенциалы жақсы болса... жастар да керек, білікті мамандар да керек. Білімі әлемдік, тәрбиесі ұлттық оқушыларды тәрбиелеу мақсатымыз.
Жандос Бақытұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner